Байланыстар

Мекенжай: 010000, Астана қ.,
Орынбор көшесі 8,
«Министрліктер Үйі»

 Тел.: + 7 (7172) 74-17-33
Факс: + 7 (7172) 74-22-58

толығырақ оқу …

Баннер
Баннер
Баннер
Баннер
Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық

«Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін
елеулі түрде нығайту қажет»

Қазақстан Республикасының Президенті
  Н.Ә. Назарбаев

«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №868 қаулысымен қаржылық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына алып келетін жағдайларды терең зерделеу, бақылау және сараптама-талдамалық жұмыстардың жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеп енгізу, сондай-ақ қаржы-бюджет қатынастары жүйесінде оқыту бағдарламаларын іске асыру мақсатында құрылды.

Мемлекеттік басқару органы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті болып табылады.

Орталықтың миссиясы

Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің өзекті проблемаларын зерттеу арқылы қоғамның мүддесі үшін қаржы ресурстары мен мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Қызмет түрлері:

  • мемлекеттік қаржылық бақылаудың өзекті мәселелерін зерттеу;
  • экономика және қаржы саласында зерттеулер жүргізу;
  • бюджет-салық жүйесіндегі өзгерістерді талдау және сараптау;
  • мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
 

Жаңалықтар

26.01.2012 / Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық «Мемлекеттік аудит – Государственный аудит» журналының 2012 жылғы наурыздағы 1(14) шығарылымына мақалалар қабылдайтыны туралы хабарлайды.
Журнал Экономикалық ғылым мәселелері бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелері жарияланымы үшін мамандандырылған ғылыми басылым тізбесіне қосылған. Журналдың редакциялық кеңесі құрамына республиканың белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері енгізілген.

30.12.2011 / Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық Есеп комитетінің қызметкерлері үшін 2011 жылғы 26-30 желтоқсан аралығында «Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарды өткізу барысында қатысушылар қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын оқып зерделеді, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу есебінің Жоспарын, ҚСҚЕХС-на сәйкес қаржылық есептілік нысандарын қарастырды.

08.12.2011 / Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық 2011 жылғы 5-8 желтоқсанда Көкшетау қаласында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Тексеру комиссияларының қызметкерлері үшін «Тиімділікті бақылау» тақырыбында көшпелі семинар өткізді.
Семинар бағдарламасында тиімділікті бақылауды жүзеге асырудың теориялық және тәжірибелік мәселелері қамтылды: жоспарлаудың негізгі ерекшеліктері, тиімділікті бақылауды жүргізу, бақылау қорытындысы бойынша, сондай-ақ тиімділікті бақылау нәтижесін іске асыру жөніндегі есептіліктің  жасалуы.