«Мемлекеттік аудит шеңберінде ұлттық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау…
27.12.2023ж. Hits:113 Жаңалықтар
Бағдарламалық-нысаналы жоба шеңберінде (ЖТН BR21882352 «Мемлекеттік аудитті дамытудың жаңа парадигмасы мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық ресурстарды басқару және басқару сапасын бағалау...
ТолығыменОрталықтың АССА аккредиттеуінен өтуі
19.12.2023ж. Hits:104 Жаңалықтар
«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС (АССА) сертификатталған алқабилер бухгалтерлер қауымдастығының аккредиттеуі бойынша Оқытудың күміс серіктесі (Silver Learning Partner)...
ТолығыменҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (2023-2025жж.)
12.12.2023ж. Hits:126 Жаңалықтар
ҚазҰУ(https://farabi.university/?lang=kz) Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының бір топ ғылыми қызметкерлері «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы»...
ТолығыменЖоғары аудиторлық палатада тілдер мерекесіне орай сайыс өтті
22.09.2023ж. Hits:187 Жаңалықтар
Жыл сайын Жоғары аудиторлық палата Қазақстан халқының тілдері күніне орай қызметкерлерінің арасында «Ой көкпар» зияткерлік сайысын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Биыл...
ТолығыменМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары кадрларын қайта даярлау
25.05.2023ж. Hits:311 Жаңалықтар
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинар 2023 жылғы 10 мамырдан 26 маусымға дейін...
ТолығыменНазар аударыңыз!!!
28.03.2023ж. Hits:428 Жаңалықтар
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қаржы-экономикалық блогы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинарларын өткізу үшін Орталық сарапшыларды/лекторларды қабылдайтындығын жариялайды. Біліктілік талаптары:келесі критерийлердің біріне...
Толығымен«2023 жылға арналған Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы жаңа өзгерістер. ХҚЕС…
01.03.2023ж. Hits:406 Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 27-28 ақпаны аралығында Орталықта Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамсының қарамағындағы ұйымдарының қызметкерлеріне «2023 жылға арналған Қазақстан Республикасының салық...
Толығымен"Мемлекеттік аудит – Государственный аудит" журналы
01.03.2023ж. Hits:435 Жаңалықтар
2023 жылдың 1 наурызында Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚ) төрағасының №104 бұйрығымен "Мемлекеттік аудит –...
Толығымен«БІРІНШІ БАСШЫЛАР ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫ СӘТТЕРІ» …
25.02.2023ж. Hits:383 Жаңалықтар
*Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына еншілес ұйымдардың басшылары мемлекеттік сатып алу процесін тиімді басқару дағдыларын дамытып, біліктіліктерін арттырды. *Қарқынды оқу барысында...
Толығымен«Қазақстан Республикасының 2023 жылға арналған салық заңнамасындағы жаңалық. ХҚЕС сәйкес…
23.02.2023ж. Hits:524 Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 27-28 ақпаны аралығында «Қазақстан Республикасының 2023 жылға арналған салық заңнамасындағы жаңалық. ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп» тақырыбында Орталықта 20...
Толығымен09.06.2016
- Толығырақ
Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Жоғары қаржы бақылау органдары (ЖҚБО) басшылары кеңесінің XVI сессиясының жұмысына қатысты, Минск қаласы (Беларусь Республикасы)
Іс-шараға Әзербайжан Республикасының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының жоғары қаржы бақылау (мемлекеттік аудит) органдарының бірінші басшылары мен өкілдері қатысты.
Қатысушылар жоғары қаржы бақылау (мемлекеттік аудит) органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін талқылады. Қаржылық тұрақтылық пен экономикалық қауіпсіздік қатерінен нақты қорғау тетігі ретінде қаржылық бақылауды (мемлекеттік аудитті) жүргізу тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікірлермен және озық тәжірибелермен сындарлы алмасу жүзеге асырылды.
Сессия шеңберінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО басшылары кеңесінің Түйінді ұлттық көрсеткіштер жөніндегі сараптамалық топ жұмысының нәтижелері де қаралды. Есеп комитетінің мүшесі Александр Горяинов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО мемлекеттік қаржылық бақылау (аудит) стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы баяндады.
Сессияның қорытындысы бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы Шешім мен Қарар қабылданды.
Атап айтқанда, Қарар мәтінінде отырыстың қатысушылары бірлескен аудиторлық іс-шараларды жүргізу мен тәжірибе алмасу арқылы өзара іс-қимылды жандандыруға ықпал етуге келіскені, бақылау (аудиторлық) және сараптамалық-талдау қызметі практикасын жетілдіруге уәделескені туралы айтылған.
Бұдан басқа, Кеңестің XVI және XVII сессиялар арасындағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі
Анықтамалық:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі 2000 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ЖҚБО арасындағы ынтымақтастықты ұйымдық қамтамасыз ету, олардың өзара іс-қимылын үйлестіру және жұмыс тәжірибесімен алмасу үшін құрылған болатын.