Қаз   Рус  Eng

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары кадрларын қайта даярлау

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинар

2023 жылғы 10 мамырдан 26 маусымға дейін Орталық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша семинар өткізуде, ол пәндер бойынша бес модульден тұрады:

1. «ҚС ХҚЕС»;

2. «ХҚЕС»;

3. «Тиімділік аудиті»;

4. «Қаржылық есептілік аудиті»;

5. «Сәйкестік аудиті».

Аталған семинар аясында 10 мамырдан 18 мамырға дейін «Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау» пәні бойынша 50 академиялық сағат көлемінде семинар өтті.

Семинарды тренер Байрамова Галия Шайхислямовна өткізді – САР, CIPA, ҚР Кәсіби бухгалтері, ҚСХҚЕС қолдану саласындағы білім иегерінің CIPA/ACCA сертификаты, Certificate in International Public Sector Financial Reporting (Cert IPSFR). Экономика ғылымдарының магистрі.

Семинардың мақсаты тыңдаушылардың теориялық білімдерін қалыптастыру және ҚС ХҚЕС сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау бойынша практикалық дағдыларын дамыту болды.

seminar-perepod 2seminar-perepod 2seminar-perepod 3