Қаз   Рус  Eng

2015 жылғы зертттеулер

Зерттеу қызметі

РМК қызметінің негізгі түрлерінің бірі мемлекеттік қаржылық бақылаудың өзекті мәселелері бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

2015 жылы РМК «ИНТОСАИ стандарттарына сәйкес сыртқы қаржылық бақылау органдарының шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша қолданбалы зерттеу» 2 тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізді.;

«Пилоттық жоба негізінде тестіленген әдіснамалық басшылықты әзірлеумен сәйкестік аудитін жоспарлау және жүргізу ерекшеліктерінің озық халықаралық практикасын зерттеу».

Зерттеулер шеңберінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың үздік әлемдік практикаларына шолу жасау, сондай-ақ зерттеу бағыттарының оңтайлы нұсқасын айқындау мақсатында әдеби көздерді, оның ішінде сыртқы мемлекеттік аудит саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ ағымдағы жағдайды жинау, зерделеу, жүйелеу және талдау бойынша талдамалық жұмыс жүргізілді. Әрбір зерттеу тақырыбы зерттеу нәтижелерін пилоттық режимде тестілеуді ұсынды.

Зерттеулердің барлық тақырыптары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және тәуелсіз сараптаманың оң қорытындысы бар.

Зерттеулер аясында екі процедуралық стандарт пен үш нұсқаулықтың жобалары жасалды.

Зерттеудің негізгі нәтижелері.

«ИНТОСАИ стандарттарына сәйкес сыртқы қаржылық бақылау органдарының шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізуі бойынша қолданбалы зерттеу»

Сәйкестік аудитін жоспарлау және жүргізу ерекшеліктерінің озық халықаралық практикасын зерттеу шеңберінде 14 шет елдердің ҚБЖО-ның нормативтік-әдістемелік базасына талдау, оның ішінде сәйкестік аудитін жүргізудің ISSAI стандарттарын енгізу тәжірибесі жүргізілді. Бұл сәйкестіктің сыртқы мемлекеттік аудитін жүргізудің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және Қазақстанда мемлекеттік аудитке көшудің әдіснамалық базасын дайындау кезінде ескеруге болатын сәйкестік аудитін жүргізу тәжірибесінің құрамдас бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Жүргізілген талдау сәйкестік аудитінің әдіснамалық базасына қойылатын негізгі талаптарды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Осы талаптардың негізінде сәйкестік аудитін жүргізудің әдіснамалық құралдары, атап айтқанда, сәйкестік аудитін жүргізудің рәсімдік стандарты және сәйкестік аудитін жүргізу жөніндегі әдіснамалық басшылық әзірленді. Осы жобаларды іс жүзінде апробациялау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің аудиторлық тексеру жүргізу шеңберінде рәсімдік стандарт жобаларын және мемлекеттік секторға сәйкестік аудитін жүргізу жөніндегі нұсқаманы пилоттық тестілеу өткізілді. Пилоттық тестілеу мен жүргізілген талдаудың бастапқы нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңын ескере отырып, сәйкестік аудитінің рәсімдік стандартының жобасын өзектендіру жүргізілді.

Осы зерттеудің нәтижелері сәйкестіктің сыртқы мемлекеттік аудитін жетілдіру және Есеп комитеті жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің осы тақырыбы бойынша Мәскеу қаласында (РФ) өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның мерзімді басылымында және ғылыми жарияланымдар жинағында екі мақала жарияланды.

«Пилоттық жоба негізінде тестіленген әдіснамалық басшылықты әзірлеумен сәйкестік аудитін жоспарлау және жүргізу ерекшеліктерінің озық халықаралық практикасын зерттеу».

ИНТОСАИ стандарттарына сәйкес сыртқы қаржылық бақылау органдарының шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша қолданбалы зерттеуді жүргізу мақсаты рәсімдік стандарттың және шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізу жөніндегі нұсқаманың әзірленген жобаларын жетілдіру және іс жүзінде іске асыру болып табылады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бақылау іс-шаралары шеңберінде «ҚБЗО» РМК мамандары рәсімдік стандарт жобаларын және қаржылық есептілік аудитін жүргізу жөніндегі нұсқауды іс жүзінде қолдана отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізді.

Пилоттық тестілеу және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға жүргізілген талдау және оны іске асыру үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілердің, стандарттар мен нұсқаулықтардың жобалары бойынша «ҚБЗО» РМК қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу бойынша рәсімдік стандарттың және Нұсқаулықтың жобаларын өзектендірді, сондай-ақ мемлекеттік секторда қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу үшін жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

ИНТОСАИ стандарттары негізінде қалыптастырылған рәсімдік стандарт жобасы ұлттық заңнама мен ағымдағы практикаға бейімделді. Атап айтқанда, оның ережелерінің «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң нормаларына және заңға тәуелді актілерге сәйкестігі қамтамасыз етілді.

Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау, жүргізу және аяқтау рәсімдерінің егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтитын қаржылық есептілік басшылығының жобасы бухгалтерлік есеп саласындағы қазақстандық заңнамада көзделген есепке алу баптары мен қаржылық есептілік нысандары бойынша аудит әдістемелері бөлігінде айтарлықтай пысықталды.

Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің аудиті жөніндегі нұсқаманың жобасында аудиторлық рәсімдерді жоспарлау, жүргізу және белгілі бір ерекшелігі бар бағыттар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептіліктің дұрыстығы туралы пікірді қалыптастыру кезеңдеріндегі бірқатар ерекшеліктер нақтыланды.

Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік аудиті бөлігінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жаңа функцияларын іске асыруға ықпал ететін аудит әдіснамасын қолдану ИНТОСАИ стандарттарына сәйкес келетін мемлекеттік аудит жүргізуге жәрдемдесетін болады деп пайымдаймыз.

 

Зерттеулерді жүктеу