Қаз   Рус  Eng

Бос орындар

«Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы»
ЖШС бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
 
2024 жылғы 06 мамырда «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС келесі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымның атауы Құрылымдық бөлімшенің атауы Біліктілік талаптары
1 Бас сарапшы-талдаушы болжамдау секторының зерттеулер және болжамдау бөлімі Білімі: экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік аудит мамандығы бойынша жоғары білімнің болуы.

Кәсіби жұмыс тәжірибесі: білім беру ұйымдарында және/немесе ғылыми-зерттеу ұйымдарында және/немесе мемлекеттік аудит органдарында және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Кәсіби құзыреттері:

Міндеттерді орындау үшін қажетті жеке қасиеттер:

стратегиялық ойлау; талдамалық; көшбасшылық; ұйымшылдық; қарым-қатынас жасай білу қасиеті; бастамашылық; сапаға бағдарланушылық; тұтынушыға бағдарлануылық; әдептілік; сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру қасиеті.

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім: білім беру, ғылым, мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау, бухгалтерлік есеп, бюджеттік, салықтық реттеу саласындағы заңнамаларды, сондай-ақ мемлекеттік тапсырмаларды әзірлеу және орындау, базалық, бағдарламалық-нысаналы, гранттық қаржыландыру және ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру мәселелерін реттеу қағидаларын және Серіктестіктің функционалдық бағыттарына сәйкес келетін басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу дағдысы (intermediate-тен төмен емес);

- зерттеу жүргізу;

- эконометрикалық және макроэкономикалық модельдерді құру;

- ақпарат пен деректерді жинау, өңдеу, жүйелеу және талдау;

- статистикалық мәліметтермен, рейтингтермен, индекстермен және т. б. жұмыс істеу;

- заманауи аналитикалық құралдарды меңгеру;

- компьютерлік техниканы, коммуникация және байланыс құралдарын және жасанды интеллектті қолдану әдістерін (нейрондық желілер және т.б.) пайдалану.

Бас сарапшы-талдаушының мазмұндық функциялары (міндеттері):

1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында ғылыми және талдамалық зерттеулер жүргізуге, оның ішінде эконометрикалық модельдерді әзірлеуге қатысады;

2) Ұлттық ресурстарды пайдаланудың әлеуеті мен тиімділігін, оның ішінде ғылыми және талдамалық зерттеулердің алынған нәтижелері негізінде болжауға және бағалауға қатысады;

3) жоғары аудиторлық Палатаның сараптамалық – талдамалық және аудиторлық іс-шараларына, оның ішінде серіктестік жүргізетін талдамалық зерттеулер шеңберінде қатысады

4) ғылыми және талдамалық зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру арқылы қосымша қаржыландыру көздерін тартуға қатысады;

5) гранттық (ішкі және сыртқы) және бағдарламалық – нысаналы қаржыландыру шеңберінде конкурстарға қатысады және зерттеулер жүргізеді;

6) тұтастай алғанда Сектордың (Бөлімнің) жұмысын іске асыру үшін материалдарды жинауға, өңдеуге, жүйелеуге және талдауға қатысады;

7) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Сектор, Бөлім және Серіктестік басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

4) тиісті білімді, іскерлікті және дағдыларды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығы туралы құжаттың көшірмесі;

5) соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде (қолма-қол немесе электрондық пошта мекенжайына: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ) ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау: Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарайды және конкурсқа қатысушыларды сұбаттасуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттардың тізімі мен сұхбаттасу өткізу кестесі конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және сұхбаттасу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС интернет-ресурсында орналастырылады.

Сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күн өткенге дейін және сұхбаттасу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей сұхбаттасу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың электрондық мекен-жайлары мен/немесе ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Сұхбат өткізу мерзімі мен орны: Конкурсқа қатысатын және сұхбаттасуға жіберілген кандидаттар сұхбаттасуға жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты 10-кіреберіс мекенжайы бойынша «Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» ЖШС сұхбаттасу өтеді.

Үміткерлер конкурсқа қатысу шығындарын (сұхбаттасу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-да тестілеуден өту, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Бас сарапшы (кадр қызметкер) Ерлан Өмірсерікұлы Ержанов
электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
жұмыс тел.: +7 (7172) 74-16-55, ұялы тел. 8-701-643-15-97

 

 
 
 
«Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің конкурстық комиссиясы отырысының 2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 6 хаттамасынан үзінді
 
Конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы

ШЕШІМ

 
№ р/с Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі  Кандидаттың Т.А.Ә. Шешім Жол бермеу себептері
1 Әкімшілік бөлімінің бас сарапшы (заңгер – сатып алушы) Куанишбаева Сания Жумажановна рұқсат етілген  
Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны: 2024 жылғы 24 сәуір уақыты: 13 сағат 30 минут, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Министрліктер Үйі» ғимараты № 11 кіреберіс, ZOOM видео платформасы арқылы. 
 
 
 
«Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің конкурстық комиссиясы отырысының 2024 жылғы 19 ақпандағы
№ 3 хаттамасынан үзінді
Конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы

ШЕШІМ

р/с

Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі Кандидаттың Т.А.Ә. Шешім Жол бермеу себептері
 1

Зерттеу және болжау бөлімі зерттеу

жобалары секторының бас сарапшы-талдаушысы

Асылбаев

Кайсар Баймолдаевич

рұқсат етілген  
 2

Зерттеу және болжау бөлімі зерттеу

жобалары секторының бас сарапшы-талдаушысы

Байзаков

Куаныш Жуманович

рұқсат

етілмеген

Кәсіби жұмыс тәжірибесі бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі
Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны: 2024 жылғы 21 ақпан уақыты: 15-00 сағат, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Министрліктер Үйі» ғимараты № 11 кіреберіс, ZOOM видео платформасы арқылы.
 
 
 
«Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің конкурстық комиссиясы отырысының 2024 жылғы 17 қаңтар № 1
хаттамасынан үзінді
 
Конкурсқа қатысушыны әңгімелесуге жіберу туралы

ШЕШІМ

№ р/с Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі Кандидаттың Т.А.Ә. Шешім Жол бермеу себептері
1 Кәсіптік даму бөлімінің меңгерушісі Анар Сатыбалдиновна Есенгельдина рұқсат етілген  
Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны: 2024 жылғы 19 қаңтар уақыты: 11-00 сағат, ZOOM платформа арқылы (сілтеме WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі). 
 
  
 
«Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің конкурстық комиссиясы отырысының 2023 жылғы
26 желтоқсандағы № 39 хаттамасынан үзінді
 
Конкурсқа қатысушыны әңгімелесуге жіберу туралы

ШЕШІМ

р/с
Лауазымы, құрылымдық бөлімшесі
Кандидаттың
Т.А.Ә.
Шешім Жол бермеу себептері
 1  Зерттеу және болжау бөлімінің бас сарапшы-талдаушысы  Баян Ермековна Бабажанова  рұқсат етілген  

Әңгімелесуді өткізу күні, уақыты және орны: 2023 жылғы 28 желтоқсан уақыты: 15-00 сағат, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Министрліктер Үйі» ғимараты № 10 кіреберіс, 2-қабаттағы А219 кабинет (өткізу бюросы арқылы кіру).

 
 
 

 

БАРЛЫҚ БОС ОРЫНДАРДЫҢ ТІЗІМІ

КОНКУРС НӘТИЖЕЛЕРІ

ХАБАРЛАНДЫРУЛАР МҰРАҒАТЫ