Қаз   Рус  Eng

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау ұсынымдары бойынша 3-тоқсанға есеп

Есеп Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының қызметінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 16-тармағына сәйкес дайындалған және 2021 жылғы 3-тоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау бойынша орталықта атқарылған жұмыс туралы ақпаратты қамтиды.

Атап айтқанда, жаңа редакцияда Жұмысқа қабылдау және орталықтың кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілді, Орталықтың сайтында бос лауазымдарға орналасуға және кадр резервін қалыптастыруға конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландырулар үнемі жарияланады.

Сондай-ақ, «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңының 28-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Электрондық еңбек биржасы порталында (www.enbek.kz) еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, Орталықта бос жұмыс орындарының болуы туралы ақпаратты жариялау уақтылы жүзеге асырылады.
Бос лауазымдарға орналасуға үміткерлерді сапалы іріктеуді жүргізу мақсатында «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-мен меморандум жасалды, оның шеңберінде бос лауазымдарға орналасуға конкурстарға қатысушылардың жеке қасиеттерін бағалау және кадр резервін қалыптастыру жүргізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» ҚР Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2021 жылғы 25 ақпанда бекіткен «Есеп комитеті-Адалдық алаңы» жобасының Жарғысын іске асыру шеңберінде әкімшілік бөлім орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшесі болып айқындалды.

Орталықта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді.

Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша: https://cifn.kz/kz/anticorruption/analysis